Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі «Н.Ә.Назарбаев.Ұлы дала мұрасы» халықаралық конференциясына қатысты

Бүгін Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен «Н.Ә.Назарбаев. Ұлы дала мұрасы» атты  халықаралық  онлайн-конференция өткізді.

Видеобайланыс арқылы өткен басқосуға  ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов,  Халықарлық  Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, Түркия Республикасы Президентінің Кеңесшісі Ялчин Топчу, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұрышев Шахрат, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов,  Aнкара Университетінің ректоры, профессор Неждет Унувар, Гази Университетінің ректоры, профессор Муса Йылдыз, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Әзербайжан Республикасы Парламентінің депутаты Низами Джафаров, бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері мен жоғарғы оқу орындарының басшылары қатысты.

Алқалы жиын барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен түрік тілінде жазылған «N.A. Nazarbayev. Ulu Bozkirin mirasi» («Н.Ә. Назарбаев. Ұлы Дала мұрасы») кітабының тұсаукесері өтті.

Аталған шарада сөз сөйлеген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, түркі интеграциясының  архитекторы Н. Ә. Назарбаевтың түркі ынтымақтастығын нығайтудағы ерен еңбегі туралы баяндап,  жаңа кітаптың оқырмандарының көп болуына тілектестік білдірді.

Close