Жаңалықтар

Қазақстандық тарихшы  Ирина Ерофеева өмірден озды

Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі белгілі тарихшы Ирина Викторона Ерофееваның дүниеден озуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Көрнекті тарихшы Ирина Ерофеева дүниеден озды. Орны толмас қазаға орай өзімнің және Халықаралық Түркі академиясының ұжымы атынан  марқұмның туыстары мен жақындарының, әріптестері мен шәкірттерінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», − деді Академия басшысы.

Айта кету керек, Ирина Викторовна Өскемен Мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және педагогика мамандығы бойынша  бітірген.  В 1976-1979 жылдары тарих, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы археология және этнография институтының аспирантурасын тамамдаған.  Еңбек жолында  ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері (1979-1983), институттың аға ғылыми қызметкері (1983-2002), ҚР БҒМ тарих және этнология институтының Тарихнама және деректану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (2003)  болып еңбек етті.

Ол  150-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде монографиялар мен жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарының авторы. Олардың  қатарында «Родословные казахских ханов и кожа (история, историография, источники)», «Эпистолярное наследие казахских ханов» және т.б. іргелі еңбектер бар.

Close