Жаңалықтар

Фольклортанушы Ақеділ Тойшанұлының түрік тілінде «Түрік-моңғол мифологиясы» атты кітабы жарық көрді

Түркияның «Bengu» баспасынан Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, фольклортанушы ғалым Ақеділ Тойшанұлының «Түрік-моңғол мифологиясы» атты кітабының түрікше нұсқасы жарық көрді.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің алғы сөзімен шыққан іргелі еңбекте зерттеуші түрік-моңғол мифологиясының сюжеттері мен кейіпкерлер жүйесін, түп бейнелердің қалыптасу себептерін аса ауқымды деректер негізінде  тұтас түркі және моңғол текті халықтардың мифологиялық мәліметтерімен  кешенді салыстыру арқылы тиянақты қорытындыларға қол жеткізе алған.

Құнды кітапты  түрік тіліне аударған белгілі  ғалым,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қ.А. Йасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ҒЗИ директоры  Бүлент Байрам мырзаға және басып шығарған Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероглу мырзаларға шын көңілден алғысымызды білдіреміз.

Close