Жаңалықтар

Академия басшысының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай құттықтауы

Құрметті достар!

Баршаңызды өзімнің және Халықаралық Түркі академиясы ұжымы атынан  1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы негізін қалап, іргесін бекіткен тәуелсіз Қазақстан тарих үшін қас қағым сәтте әлемдік қауымдастықтың төрінен орын алып, жасампаздық пен жаңғырудың жерұйық мекеніне айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев көреген көшбасшылығымен бабалар арманын жүзеге асырып, Ұлы даланы тербеген Мәңгілік ел мұратының туын заңғар биікке көтерді. Сондықтан тарихы бір, бағдары ортақ тамырлас жұрттар Елбасын күллі түркі әлемінің лидері деп бағалайды.

Тәуелсіздіктің елең-алаңынан бері Түркітілдес мемлекеттердің алқалы басқосуларына ұйытқы болып, Түркі Кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі Ақсақалдар кеңесі, Халықаралық Түркі академиясы сынды іргелі ұйымдардың құрылуына бастамашы болды. Осы еңбектеріне орай түркі ынтымақтастығының архитекторы деп атайтын Нұрсұлтан Назарбаевты былтыр Бакуде өткен Түркі кеңесінің Саммитінде бауырлас елдердің басшылары бірауыздан «Түркі кеңесінің құрметті төрағасы» сайлап, ұйымның мәртебелі орденімен марапаттады. Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Халықаралық Түркі академиясының президенті           Дархан Қыдырәлі

 

 

 

Close