Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы жаңа кітаптарды таныстырды

Бүгін «Түркологиялық кеңістіктегі гуманитарлық ғылымдар: тарихи сабақтастық пен өзара ықпалдастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Түркі академиясы әзірлеп шығарған жаңа кітаптар таныстырылды.
 
Атап айтқанда, түркология саласына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті түрколог Әбжан Құрышжанұлынының «Codex Cumanicus тіліндегі септік жалғауларының мәні мен түрі» атты бағалы еңбегі көпшілікке жол тартты.
 
Ғалымның аталған ғылыми еңбегін белгілі зерттеуші, Әбжан Құрышжанұлының дарынды шәкірті марқұм Сержан Дүйсенов Түркі академиясының арнайы жобасы аясында баспаға дайындаған еді.
 
Сонымен қатар әйгілі Йүсүп Ұлық Хас-хажиб Баласағұнның «Құтадғу Білік» атты тарихи туындысының Әлжан Құрышжанұлы аударған Наманған нұсқасы да қайтадан басылып, оқырман назарына ұсынылды.
Биыл туғанына 90 жылдығы аталып өтіп жатқан Ә.Құрышжанұлы ғылыми дәлдікпен аударып, түсініктерін жазып бұл тарихи туынды бүгінгі таңда түркологтар арасында қолдан түспейтін жолбасшы құралға айналған.
Close