Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізеді

7 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясы «Мұстафа Шоқай және Түркістан идеясы» атты  халықаралық онлайн-бейнеконференция өткізеді.

Алқалы жиын түркі әлемінің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Онлайн форматта өтетін басқосуға танымал шоқайтанушы ғалымдар мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, баяндама жасайды.

Конференцияға төмендегі сілтеме арқылы қатыса аласыз:

ZOOM ID: 850 8513 5159

https://us02web.zoom.us/j/85085135159

Close