Жаңалықтар
Бүгін Мұстафа Шоқайдың туған күні

Бүгін саналы ғұмырын Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығына арнаған Мұстафа Шоқайдың туған күні. Алаш ардақтысы ескіше 1890 жылдың 25 желтоқсанында, жаңа күнтізбе бойынша 1891 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген. Биыл түркі әлемінің тұғырлы тұлғасының туғанына 130 жыл толып отыр.
Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы бүгін сағат 18:00 (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Мұстафа Шоқай және Түркістан идеясы» атты халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырады.
Конференцияға төмендегі сілтеме арқылы қатыса аласыз:
ZOOM ID: 850 8513 5159