Жаңалықтар

Түркі академиясы Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізді

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «Мұстафа Шоқай және Түркістан идеясы» атты халықаралық онлайн-бейнеконференция өткізді. Алқалы жиын түркі әлемінің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың 130 жылдығына орай ұйымдырылды.

Онлайн форматта өткен басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мэдисон университетінің профессоры Тимур Кожаоғлы (АҚШ), белгілі алаштанушы ғалым, профессор, академик Мәмбет Қойгелді, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Татарстан Ғылым Академиясы жанындағы Татар энциклопедиясы және аймақтану институтының директоры Гилязов Искандер, Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институтының бөлім меңгерушісі, профессор Раджабов Кахрамон, Назарбаев университетінің профессоры Юлай Шамильоглу, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Дүниежүзі тарихы бөлімінің меңгерушісі, профессор Гүлжауһар Көкебаева, сонымен қатар АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Татарстан және Түркия елдерінен танымал шоқайтанушы ғалымдар мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Жиынды жүргізіп отырған академия басшысы Дархан Қыдырәлі М.Шоқайдың 130 жылдығы оның өзі армандаған түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Close