Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау хат жолдады

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасындағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, арнайы хат жолдады.

“Құрметті Садыр Нургожо уулу!
Халықаралық Түрік академиясы құрылтайшы мемлекеттердің бірі, бауырлас Қырғыз Республикасының көпшілік халқы сайлаған жаңа Президентінің лайықты жеңісін құрметпен және ықыласпен қабыл алды!”, – делінген құттықтау хатта.

Close