Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі көрнекті түрколог Дмитрий Васильевтің қайтыс болуына орай көңіл айтты

Бүгін түркология саласы ауыр қазаға душар болды. Өкінішке қарай, көрнекті Ресей шығыстанушысы, түрколог ғалым, Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институты Шығыс тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Дмитрий Дмитриевич Васильев мезгілсіз дүниеден озды.

Осыған орай, жеке өзімнің және Халықаралық Түркі академиясының ұжымы атынан Дмитрий Дмитриевичтің отбасы мен жақындарының, достары мен әріптестерінің қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Д.Д. Васильев көне түркі жазу ескерткіштерін зерттеуде ерен еңбек етіп, артынан іргелі ғылыми мұра қалдырды.

Оның жарқын есімі достары мен әріптестері жадында әрдайым адамгершілік қасиеті мол және тамаша кәсіби маман ретінде мәңгі сақталады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Дархан Қыдырәлі

 

Close