Жаңалықтар

Бүгін Әзербайжанда болған Қаралы қаңтар қасіретіне 31 жыл толады

20 қаңтар әлемге әзірбайжан халқының бостандық пен егемендік үшін күресінің аңсаған арманға жетпей тоқтамайтынын көрсетті, осылайша бұл оқиға бауырлас Әзербайжан елінің тәуелсіздікке қол жеткізудегі бетбұрысты кезеңі болды.

Халықаралық Түркі академиясы өз Отаны үшін өмірлерін құрбан етіп, тағылымды тарихта даңқты іздерін қалдырған Әзербайжанның барлық қаһарман ұлдарына тағзым етеді. Олардың есімдерін құрметпен еске алып, басымызды иеміз.

Close