Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Халықаралық түрік тілі күніне арналған консультациялық кездесуге қатысты

2021 жылғы 10 ақпанда  Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссиясы ұйымдастырған ЮНЕСКО аясында  «Халықаралық түрік тілі күнін» жариялау жөніндегі декларацияны енгізуге арналған онлайн-кеңеске қатысты.

ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссиясының төрағасы, доктор, профессор Оджал Оғыздың төрағылығымен өткен онлайн-кездесуге Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі, ЮНЕСКО Ұлттық комиссиясының қызметкерлері, Түркі кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі мәдениеті мен мирас қорының басшылары, мүше мемлекеттердің Сыртқы істер және Білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ академиктер мен зерттеушілер қатысты.

Жиын барысында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі аталған бастаманы жоғары бағалап,  ЮНЕСКО аясындағы жұмыстарға қолдау көрсететіндігін айтты.

Close