Жаңалықтар

«Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық онлайн-жиын өтті

Бүгін Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесіп «Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық жиын өткізді.

Онлайн форматта өткен  басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі,Түркі кенесінің Тұңғыш Бас Хатшысы Халил Акынджы, ТЮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева,Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Сұлтан Раев, ТүркПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Қыран, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Уфук Улуташ,Түркия Республикасы  Президенті жанындағы Қауіпсіздік және сыртқы саясат кеңесінің мүшесі Айгүн Аттар, ЮНЕСКО істері бойынша Түркия ұлттық комиссияның төрағасы, профессор Өжал Оғұз, Каппадокия  Университетінің ректоры Хасан Али Карасар, Таяу Шығыс техникалық университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Октай Танрысевер, сонымен қатар түркі тілдес Сыртқы істер елдер министрліктерінің лауазымды тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аталған жиында Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі модераторлық етті. Келелі кеңеске қатысушылар Түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы баяндамалар жасады. Сонымен қатар, бауырлас елдердің арасындағы интеграцияны одан әрі нығайту жөніндегі пайымды пікірлерін ортаға салып, орамды ойларымен бөлісті.

Close