Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы президентінің Ходжалы қырғынының 29 жылдығына байланысты мәлімдемесі

Армения Қарулы Күштерінің Әзербайжанның Ходжалы қаласындағы әзербайжандық бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қырғынға 29 жыл болды. Армения Қарулы Күштері Ходжалыда бір түнде адамзат тарихындағы ең қанды оқиғалардың бірін жасап, жүздеген жазықсыз адамдар мен бейбіт тұрғындарды, соның ішінде қарттар мен әйелдерді, балалар мен сәбилерді өлтірді.

Қайғылы оқиғаның 29 жылдығында бауырлас Әзербайжан халқы қасіреті мен мен қайғысына ортақтасып, бүкіл адамзатқа қарсы жасалған бұл қылмыстық әрекетті қатаң айыптай, Ходжалы оқиғасына әділеттілікті біз талап етеміз.

Әзербайжан Республикасы әділеттілікті қалпына келтіріп, басып алынған жерлерді азат ету арқылы тарихи жеңіске жетті. Бұл жеңіс бүкіл адамзат үшін, оның ішінде тірі қалған Ходжалы куәгерлерінің үміт шамына айналды және түркі әлемі үшін жетістік, әрі мақтаныш болды.

Халықаралық Түркі академиясы атынан біз Ходжалы геноцидінің құрбандарын қайғырып еске аламыз, Әзербайжан халқы мен мемлекетіне көңіл айтамыз және бауырлас Әзербайжанмен екенімізді білдіреміз.

Дархан Қыдыралы

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Close