Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Академия басшысына ризашылығын білдірді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәліге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат жолдады.
«Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін», – делінген Мемлекет басшысы жолдаған хатта.
Айта кету керек, өткен жылы Түркі академиясы Абай және әл-Фараби жылдарын жариялап, бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізген болатын. Сондай-ақ, Абай шығармаларын бауырлас түркі тілдеріне аударып, әл-Фарабидің туындыларын жарыққа шығарды.