Жаңалықтар

Әзербайжан Президенті Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарнаға қатысты маңызды құжатқа қол қойды

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Халықаралык Түркі академиясына құрылтайшы мемлекеттердің бірі ретінде Академияның бюджетіне міндетті жарналардың шәкілі белгіленген хаттаманы бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Әзербайжан Президентінің ресми сайты хабарлады.
Әзербайжан Президенті әкімшілігінің хабарлауынша, 2020 жылы 28 қарашада Ыстамбұл қаласында қол қойылған «Мүше мемлекеттердің Түркі академиясының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттама» бекітілген.

Аталған құжатқа сәйкес, Жарлық күшіне енген сәттен бастап, Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Қаржы министрлігі ондағы ережелердің орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Осыған орай Сыртқы істер министрлігіне тиісті тараптарға Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлау тапсырылды.

Close