Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті арулар!

Сіздерді көктемнің жаймашуақ күнінде өзімнің және Халықаралық Түркі академиясы ұжымының атынан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз ежелден әйел затын ардақтап, ерекше құрмет көрсеткен. Сайын даламызда ақ жаулықты аяулы аналар мен ару қыздар ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі ретінде әрдайым жоғары мәртебеге ие болғанын білеміз. Аруларымыз қай кезде де сұлулықтың, даналықтың, тіпті батырлықтың да үлгісіне баланғанын айтуымыз керек. Сондықтан нәзік жандыларымыз қандай құрметке де лайық.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бағзы бабаларымыз ілтипат көрсеткен барша аналарымыз бен аруларымызды шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Ардақты арулар, әрқашан еңбекте табысты, отбасында бақытты, жанарыңыз шуақты, жүзіңіз нұрлы, көңіліңіз көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен,
Халықаралық Түркі академиясының президенті
Дархан Қыдырәлі

Close