Жаңалықтар

Түркология ғылымының ақсақалы, доктор, профессор Ларс Йохансонды 85 жасқа толу мерейтойына арналған жүрекжарды құттықтауы

Аса құрметті профессор Йохансон,

Сіздің түркі тіл білімінің теориясы мен эмпирикалық зерттеулеріне қосқан зор үлесіңізді бүкіл әлем мойындауда. Сіздің «Turkic Languages» журналының бас редакторы ретінде атқаратын қызметіңізді маңызы ерекше екені даусыз. Халықаралық Түркі академиясы сіздің қазақ тіл біліміне қосқан үлесіңізді айырықша бағалайды. Сіздің осы түркология саласына әрі қарай жарқын дем беріп, түркітанушылардың жаңа буынына шабыт пен серпіліс сыйлай беруіңізге шын жүректен тілектестік білдіремін.

Халықаралық Түркі академиясының президенті ретінде, Сізге Қазақстан түркітануын дамыту мен нығайту жолындағы ұдайы белсенділігіңіз бен еңбекқорлығыңыз үшін жеке ризашылығымды білдіргім келеді. Сіз Германия мен Орталық Азия елдеріндегі түркітанудың ғылыми байланыстарын дамытуға баға жетпес үлес қосудасыз. Біздің ғылыми ұйымдар арасындағы кәсіби және адами байланыстар мәңгілік достықты нығайтып, түркі ғылымының игілігі үшін өрби түседі деген сенімдеміз.

Аса құрметпен,

Дархан Қыдыралі,

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Close