Жаңалықтар

Әйгілі саяхатшы Армин Вамбери туралы кітап жарық көрді

Халықаралық Түркі академиясында әйгілі мажар саяхатшысы, мажар түркологиясының негізін қалаушылардың бірі Армин Вамбери туралы «Түркі дүниесінің мажар ғалымы» атты жаңа кітап таныстырылды.

Тағдырлы ғалымның өмірі мен тар жол тайғақ кешулі еңбек жолынан  сыр шертетін бұл басылым Түркі академиясы мен Түркі кеңесінің Будапешттегі өкілдігінің бірлескен жобасы.

Тарихи фотосуреттермен көркемделіп, қазақ және ағылшын тілдерінде басылған аталған кітап сегіз қырлы бір сырлы ғалым атанған Армин Вамбери туралы мол мағұлмат береді.

Айта кету керек, жаңа еңбектің тұсаукесер рәсіміне Мажарстанның  Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі  Михай Галошфай, сонымен қатар Мажарстан делегациясы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Сонымен қатар, жиын аясында Армин Вамбериге арналған көрме ұйымдастырылды.

Close