ЖаңалықтарМақалаларТүркі әлемі

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің «Жауһар жырдың тәжін киген Низами» атты мақаласы шықты

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Жауһар жырдың тәжін киген Низами» атты мақаласы жарық көрді. Қазақстан Республикасының бас басылымы “Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалада автор әзербайжан халқының дүлдүл ақыны, ұлы ойшыл Низами Гәнжауидің рухани мұраласының түркі әлемінде алатын орны туралы баяндайды. Сонымен қатар, оның шығармаларын қазақ поэзиясы классиктерінің туындыларындағы ой-пайымдармен сабақтастыра зерделейді.

Айта кету керек, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің 2021 жылды әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Низами Гәнжауидің 880 жылдық мерейтойына орай «Низами Гәнжауи жылы» деп жариялады. Осыған орай, Халықаралық Түркі академииясы Низами Гәнжауи жылы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шаралар ұйымдастырып, ақынның  шығармаларын жарыққа шығаруды  жоспарлап отыр.

Мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://egemen.kz/article/270908-zhauqar-dgyrdynh-tadgin-kigen-nizami

Close