БАҚ біз туралы


«Ұлы дала» форумына қатысты

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы дала» халықаралық гуманитарлық форумына қатысты.

Форум жұмысына ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комис­сиясының төрағасы М.Оғыз, Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жөніндегі жоғары кеңес басшысы Д.Өрс және бауырлас елдердің ҰҒА пре­зиденттері,  сонымен қатар халық­аралық ұйым басшылары мен дип­ломаттар, мемлекет және қоғам қайрат­керлері, көрнекті ғалым-зерттеушілер қатысты.
Форум аясында әлемнің 20-ға жуық елінен, соның ішінде түркітілдес мемлекеттерден және  АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбри­таниядан келген 150-ден астам ғалымдар мен зерттеушілердің қатысуымен 4 панельді отырыс  өткізілді.
Г.Әбдіқалықова Мемлекет бас­шысының форумға қатысу­шылар мен меймандарға арналған құттықтауын оқып берді.  Елбасы өз құттықтауында оның бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы осындай форматта тұңғыш рет іс-шара өткізіп отыр­ғанын атап өтті. Қазақстан Прези­денті бұл форумның құр­лықаралық ғылыми интеграцияға зор серпін беріп, өзара түсіністік пен ықпал­дастықтың дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Форум аясында түркітануға қосқан үлесі мен еңбегі, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мәдени байланысты тереңдеткені үшін көрнекті ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменов, танымал түркітанушы ғалым Д.Насилов, Өзбекстан Ғылым ака­демиясының академигі, профессор  А.Асқаров,  қоғам қайраткері, профессор Ә.Ахметов Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) арнайы алтын медалімен  мара­патталды.
Сондай-ақ форум жұмысы барысында соңғы жылдары  Халық­аралық Түркі академиясы жарыққа шығарған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. 
 
Өз тілшімізден




Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты