БАҚ біз туралы


IMG_1124

Өтүкенге халықаралық экспедиция басталды

Моңғолияда Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO), Моңғолия Ұлттық ғылым академиясы және «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ұйымдастыруымен «Тәңір­таудан Өтүкенге дейін: Ұлы дала көшпелілерінің тарихи-мәдени қазыналары» атты халықаралық экспедиция өз жұмысын бастады. 20-27 тамыз аралығына жоспарланған айтулы шараның әр күні түбі бір түркі халықтарының тарихы үшін айрықша жаңалықтар мен тың деректерге толы.

Апта бойы жалғасын табатын алқалы жиынның шоқтығы 24 тамыз, яғни ертең «Шивээт улаан» көне түркі ғұрыптық кешенінде «Ұлы дала көшпелілері: тарихи-мәдени үндестіктер» деген атаумен өтетін II түркі-моңғол архео­логтарының дала семинары болмақ. Онда Түркі академиясының арнайы жобасы аясында жүргізілген қазба жұмыстарының қорытынды нәтижелерін жұртшылық назарына тұңғыш рет ресми түрде таныстыру жоспарланған. Айта кетейік, қазба жұмыстары нәтижесінде Шивээт улаан алаңындағы Мәңгітас тұрған тұғыр маңынан көне түркілердің алғашқы мүсіндері табылған еді. Түркі дүниесі үшін мұндай ерекше мәні бар жаңалықтарға куә болу үшін Еуразия кеңістігін еркін жайлаған ежелгі түркілердің бү­гінгі жалғасы Қырғызстан, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Татарстан, Башқұртстан, Тыва және Ресейден түрколог ғалымдар мен бірқатар БАҚ өкілдері қатысуда. Айтулы шараға «Қазақстан» ұлттық арнасы ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.

Әлемнің әр түкпірінен ұшып келген экспедиция мүшеле­рін ұйым­дастырушылар Ұлан-Батыр­дағы Шыңғыс хан әуежайында күтіп алды. Түс ауа олар «Көшпелілердің дәстүрлі медицинасының даму сатылары» атты халықаралық конференцияға қатысты. Моңғолия дәстүрлі медицина музейінде өткен бұл шарада ертедегі түркілер заманында қолданылған ем-дом шаралар мен дәрі-дәрмектерді жасап шығару ісі және оларды пайдалану ерекшеліктері сөз болды. Аталған музейде ежелгі дәуірден бүгінгі кезеңге дейін қолданыста болған медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-саймандардың алуа­н түрін көруге болады. Алқалы жи­ын барысында Моңғолия Ғы­лым академиясының академигі, Моң­ғолия дәстүрлі медицина му­зейінің басшысы Далантайн Цэрэн­содном осы маңызды жиынды ұйым­дас­тырған Халықаралық Түркі академиясына ризашылығын білдірді. Жиынға жеті мемлекеттен 40-қа жуық ғалым келді.

Сондай-ақ, конференцияның екінші күнінде экспедиция мүшелері үшін Ұлан-Батыр қаласынан 55 шақырым қашықта жатқан көне түркі жазба ескерткіштерінің елеу­лісі болып табылатын Тоныкөк бітіктасы мен Шыңғысханның алып мү­сіні кешеніне танымдық сапар ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелеріне ескерткіштерді та­ныс­­тырған түркітанушы Н.Бә­зіл­­­хан мұндай шараның түбі бір тарихымызды тануда, туыс­тығымызды жаңғыртып, ынтымақ­тастығымызды арттыруда маңызы зор екенін айтты.

Ал Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Археология институтының директоры Айрат Сыдықов түркі халықтарының тамырын танытып, тұтастыққа шақыратын мұндай көне жазба ескерткіштерді көздің қарашығындай сақтау қажеттігін ескертеді. «Қазір осы таңбалы тастар Моңғолия жерінде жатқанымен, бұл біздің батыр, баһадүр бабаларымыздың көзі. Тү­біміз осыдан тарайтындықтан оның мейлінше дін аман сақталуына түркітілдес халықтардың әрбір өкілі жауапкершілікпен қарауы тиіс» деп атап өтті ол. Танымал түркиялық ғалым Ахмет Ташағыл бұл пікірді қолдайтынын білдірді.

Біз халықаралық экспеди­ция­ның жасаған жұмысы мен ат­­қар­ған шаруалары жөнінде ал­дағы уақытта жан-жақты хабар­дар етіп отыратын боламыз. Бір­қа­тар ауқымды шаралар бар. Атап айтқанда, Шивээт улаан ке­ше­нінен басқа Мойыншор, Күл­тегін кешенін аралап, Боғда хан мұ­­ражайы мен Моңғолия ұлт­тық му­зейінде дөңгелек үстел өт­кі­зі­леді деп жоспарланған.

Нұрлыбек Досыбай,

«Егемен Қазақстан» –

Моңғолиядан

IMG_1404



Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.