БАҚ біз туралы


Президент орталығында өтіп жатқан форум өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.

Түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25 жылдығы мен мен түркі жазуы күніне орайластырылған форумның ашылу салтанатын Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Форумға қатысушылар мен меймандарға арналған құттықтауымен бастаған еді.

Хатта: «Ұлы Дала» 1 гуманитарлық ғылымдар форумына қатысушыларға

Құрметті қонақтар,
Ғылыми қауым өкілдері

Сіздерді «Ұлы Дала» 1 гуманитарлық ғылымдар форумының ашылуымен құттықтаймын!
Ұлы дала – Еуразия кеңістігін мекендеген халықтардың мыңжылдық байланыстарының шежірелі куәсі. Батыс және Шығыс өркениеттерін тоғыстырған тоғыз жолдың торабы. Оның географиялық ауқымы алыс көкжиектерді қамтиды. Тарих тамырлары тереңнен таралады. Бай мәдени мұрасы – бүкіл адамзаттың ортақ игілігі. Сондықтан бүгінгі форум тақырыбының ынтымақтастырушы қуатқа ие символикалық мәні бар деп ойлаймын.
Менің бастамам бойынша құрылған Халықаралық Түркі академиясы алғаш рет мұндай форматтағы алқалы жиынның өтуіне ұйытқы болып отыр. Осы арқылы Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір саналатын Астананың өз қақпасын әлемдік ғылымға айқара ашқаны – мағынасы зор оқиға. 
Бұл форум құрлықтарды шекарасыз жалғаған ғылыми интеграцияға үлкен серпін береді деп сенемін. Оның аясындағы баршаға пайдалы пікір алмасулардың өзара түсіністікпен ықпалдастықтың дамуына игі ықпалы болары сөзсіз.
Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» - делінген.


Жалпы форум төрт панелді отырыс бойынша өтуде.
Аталмыш шаралардан өзге тағы да Түркі әлемі академиялар одағының жиыны өтіп, TWESCO соңғы жылдары шығарған кітаптардың көрмесін де ұйымдастырды.



Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы