БАҚ біз туралы



Форум жұмысына ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссиясының төрағасы М.Оғыз, Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих жөніндегі жоғары кеңес басшысы Д. Өрс және бауырлас елдердің ҰҒА президенттері, сонымен қатар, халықаралық ұйым басшылары мен дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалым-зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Форум аясында әлемнің 20-ға жуық елінен, соның ішінде түркітілдес мемлекеттерден және АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбританиядан келген 150-ден астам ғалымдар мен зерттеушілердің қатысуымен 4 панельді отырыс өткізілді.
Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының Форумға қатысушылар мен меймандарға арналған құттықтауын оқып берді. Елбасы өз құттықтауында оның бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы осындай форматта тұңғыш рет іс-шара өткізіп отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті бұл форумның құрлықаралық ғылыми интеграцияға зор серпін беріп, өзара түсіністік пен ықпалдастықтың дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Форум аясында түркітануға қосқан үлесі мен еңбегі, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, мәдени байланысты тереңдеткені үшін көрнекті ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменов, танымал түркітанушы ғалым Д.Насилов, Өзбекстан Ғылым академиясының академигі, профессор А.Асқаров, қоғам қайраткері, профессор Ә.Ахметов Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) арнайы алтын медалімен марапатталды.
Сондай-ақ форум жұмысы барысында соңғы жылдары Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.  



Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук