Биография

Жұмыс орындары: Стамбул университетінің түрік тілі және әдебиеті факультетін тәмамдады (қыркүйек 1968 ж.). Осы факультетте 44 жыл қызмет атқарды; алдымен жетекші ғылыми қызметкер (қыркүйек 1970), кейіннен аға оқытушы (қаңтар 1976), доцент (маусым 1982), профессор (қазан 1989), профессор болды (тамыз 1996 ж.). 2013 жылдың тамыз айында құрметті зейнеткерлік демалысқа шығады. 1966-2014 жж. Жергілікті және шетелдік ғылыми басылымдарда неміс, француз, ағылшын, қырғыз, орыс және жапон тілдерінде 50-ге жуық кітап пен 435-тен астам зерттеу жұмыстары жарық көрді. Олар түркі тілдері мен түркілер мәдениетіне, оның ішінде тілтануға, әдебиетке, тарихқа, мәдениетке, музыка мен көне түркілердің, ұйғырлардың, қараханидтердің, қыпшақтардың, шағатайлардың, ерте осман дәуіріндегі фольклор мен заманауи ұйғыр тіліне арналған еңбектер.        

180 республикалық және халықаралық конгресстер мен конференцияларда, симпозиумдарда, коллоквиумдер мен ғылыми жиын-семинарларда баяндама жасаған. Келесі ғылыми-ағартушылық мекемелерде дәріс оқып, зерттеулер жүргізген, уақытша және тұрақты мүшесі болып, сонымен қатар Уәкілетті кеңес құрамында болған:  Түркология институты (1970), Түрік әдебиетінің қоры (1972), Түрік мәдениетін зерттеу институты (1976), Түрік лингвистикалық қоғамы (1983), Түркиялық медицина тарихы қоғамы (1985), Түркиялық ескерткіштер мен қоршаған ортаны қорғау қоры (TAÇ, 1987). Стамбул университеті ректоратының жанындағы Халықаралық ғылыми байланыстар Кеңесінің мүшесі болған (1985-2005), Стамбул университеті ректоратының жанындағы Түркологиялық зерттеулер институтының директоры болды (1996-2009).  PIAC-тың тұрақты мүшесі (Тұрақты халықаралық алтаистика конференциясы, 1972), DMG (Неміс шығыс қоғамы, 1979), SUA (Societas Uralo-Altaica, 1980), CASA (Орталық Азия зерттеулерінің Ассоциациясы, 1988), Татарстан Ғылым академиясының Г.Ибрагимов атындағы Тіл және әдебиет институтының және Александра Чома де Кёрёш атындағы институттың құрметті мүшесі.

Негізгі еңбектері:

1. Осман Фикри Серткая, «Göktürk tarihinin meseleleri», Институт изучения тюркской культуры, 1995 

2. Осман Фикри Серткая, «Dede Korkut Kitabı’nın Dresden Nüshasının “Giriş” Bölümü», 2006, с.160

3. Осман Фикри Серткая, Eski Türklerde Para (вместе с Рысбеком Алимовым), Ankara, Ötüken Yayınları, 2006, С. 160 

4. Осман Фикри Серткая, «Hüseyin Nihal Atsız Hayatı ve Eserleri». Анкара, Ötüken Yayınları, 2014



Тізімге қайта оралу


Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы