News

Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Гүлшара Наушақызын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, ел сенімін зор абыроймен ақтай беруіне тілектестік білдіреді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Премьер-министрдің орынбасары қатарлы жоғары лауазымды қызметтер атқарған Гүлшара Әбдіхалықова Түркі академиясы жұмысына құрылған күннен ұдайы қолдау көрсетіп келді.

Атап айтқанда, жыл сайын өтетін «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына, сонымен бірге академияның Қорқыт ата мұрасына байланысты ЮНЕСКО Бас штабында ұйымдастырған халықаралық шарасына қатысып, алқалы жиындардың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

Бұған қоса, Мемлекеттік хатшы қызметін атқарып тұрған кезінде Түркі академиясына арнайы келген Гүлшара Наушақызы жүзеге асырылған жұмыстарды жоғары бағалап, барлық бастамаларды қолдайтынын білдірді.

Close