Contents

Алғы сөз

Әр халықтың даңқы әлемге жайылған бетке ұстар ұлы тұлғалары болады. Олар көктегі жұлдыздай жарқырап, ғасырлар көшінде адамзат жолына жарқыраған сәулесін мәңгілік шашып тұрады. Осы ретте өзбектер Науаиды, түрікмендер Мақтымқұлын, әзербайжандар Низамиді қалай айрықша пір тұтса, қазақтар Абайды солай шексіз қадірлейді.

Биыл туғанына 170 жыл толған дана Абайдың қайран қалдырар құбылысын өмірінің өзегіне, шығармашылығының шырағына айналдырып, атақты эпопея жазған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің қаламгерлігімен қоса, ғылыми лабораториясын пайымдаудың өзі жауапкершілігі аса зор тақырыпқа жатады.

Әлбетте, Әуезов Абайды әлемге танытты, тағы сол Абай арқылы өзі де әдебиеттің шыңына көтерілді. Сондықтан Абайтануға бет бұрған кез келген зерделі жанның Әуезов тағылымын айналып өтуге құқысы жоқ екендігі белгілі. Ұлы Абаймен жаны мен жүрегі кірігіп кеткендей көрінетін ғұлама академик-жазушының осы тараптағы зерттеулеріне бойлап барып, мұхиттан сүзген маржанын жіпке тізу терең білімдарлықпен бірге, зияткерлік батылдықты да қажет етеді. Міне, осындай тәуекелді берік тұтынған тұғырлы тұлғалардың бірі – бүгінгі Абайтанудың көш басында жүрген белгілі әдебиеттанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы.

М.Мырзахметұлы өзінің Абайтануға байланысты зерттеулерінде Әуезов хатқа түсіріп кеткен концептуалдық түйін-тұжырымдарды басшылыққа алып, өз ізденістерінің өрісін ашып, өресін айқындаған. Ғалым Әуезовтің Абайтанудағы бүкіл тәжірибесі мен тәлімін меңгеру барысында ақынның ғылыми өмірбаяны, әдеби ортасы, дүниетанымы мен дәстүрі, мұрасының дереккөздері мен текстологиясы, Шығыс және Батыс, сондай-ақ орыс әдебиетімен байланысы, т.с.с. күрделі тақырыптарды қайта қаузап, салыстырмалы түрде сабақтастыра саралайды. Сөйтіп, Әуезовке сүйене отырып, өзінің тың пайымдары мен пікірлерін жинақтап ұсынады. Сайып келгенде, бұл еңбекті Абайтануға ғана емес, Әуезовтануға да қосылған сындарлы да сапалы зерттеулердің бірі деп бағалаған абзал.

Мекемтас Мырзахметұлының қазақ әдебиеттану ғылымында лайықты бағасын алып үлгерген, Халықаралық түркі академиясы басып шығарған «Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғұлама» атты бұл іргелі монографиясын оқырман назарына зор ықыласпен ұсынамыз.

Дархан Қыдырәлі,

Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті



Back to the list


WELCOME NOTE

Biography /

All
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук