Turkic Энциклопедия

Түркі халықтарының этнографиясы

Түркі қауымдарының ортақ құндылықтары олардың этнографиясындағы дәстүрлерден де аңғарылады.  Әсіресе, әлі сақталып отырған шежіредегі ру аттарының ұқсас немесе бірдей болуы, жеті атаны білу дәстүрінің орын алуы және анасы жағындағы нағашы туыстарына құрмет көрсетуі және басқадай салт-жоралар мұны айғақтайды. Мысалы, дүрмен, қаңлы, қатаған, қыпшақ, қоңырат, маңғыт, найман, үйсін және басқа жүздеген ру аттары башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қазан және қырым татарлары, ноғай, сібір түркілері, түрікмен және өзбекте қазір ру аттары (этноним) ретінде белгілі. Бұған ұқсас абдал, афшар, чандыр, каркын, кынык, теке ру аттары Анадолы түріктері, Әзербайжан түркілері, түрікмен және өзбек арасында ру аттары немесе жер аттары (топоним) ретінде көрінеді. Бұл жоғарыдағы жұрттардың этникалық құрылымына аталған рулардың қатысы болуымен бірге,  аталған түркі халықтарының арғы тегі тамырлас болғандығын растайды.

Ру аттарының араласуында қырғыз бен түрікмен руларының шамамен 80 пайызы, сонымен бірге башқұрт, қазақ және қырым татарлары, қазақ, қарақалпақ, ноғай және өзбекте  осыған жақын мөлшерде ұқсастық бар екендігі белгілі.

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы