Turkic Энциклопедия

Түркі халықтарының ұлттық ойындары: көкпар

Орта Азия халық мәдениетінде, әсіресе түркі қауымдары мәдениетінде ат үстінде ойналатын ғұрыптық спорт түрі. Ойын шарты бойынша сойылған серкенің (лақтың) терісі ат үстіне алынып, екі тарап таласып тартып, жеңіске жеткендері  белгілі бір межеленген жерге (нысанаға) апарады. Алаңның ортасына тігілетін байрақтың айналасында алдын-ала белгіленген тәртіппен тері лақтырылып,  оған талас басталады.  Көкпарды тамашалағанда ойыншылардың ат үстінде ширақ та батыл қимылдар жасап, бір-біріне дес бермей намысқа қызып, ат құлағында ойнайтын батырға тән өжет әрекеттері әдемі әсерге бөлейді.  Астындағы атына ие болған тақымы мықты және ең күші мығым, көзсіз батыр,  епті шабандоз шаршы алаңда ең үздік болады.

Орта Азия түркілерінде көкпар ойынының «көкбөрі» сөзімен байланыстылығы туралы көзқарас тараған. Көкпардың сипаты көкбөрілер топтаса ойнап,  аң аулаған, бір-бірімен алысып-жұлысқан қимылына  ұқсайды және бұл ойын қасқырдың осындай жанкештілігіне еліктеуден пайда болған дейді.

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы