Turkic Энциклопедия

Түркі халықтарының ұлттық билері

Түркі қауымдары өмір сүретін өңірлерге сәйкес өзіне лайық музыкасы мен ойындары кездеседі. Және де бұл ретте ортақтықтар болумен бірге  Кавказ, Орталық Шығыс, Анадолы, Балқан, Қырым, Орта Азия және Сібір секілді аймақтарда әр аймақтың өзіне тән пішін мен мәнердің дамуы аңғарылады. Аты аталған аймақтарда түркі қауымдарының музыкасы мен билерінің өзара дәстүр сабақтастығы байқалады. Яғни Кавказ – Орталық Шығыс – Қырым билерінің бір-біріне көп жақындықтары бар. Еділ-Орал – Орта Азия – Сібір түркілерінің билері де бұл ретте бірі-біріне ұқсайды. Олардың біріншісін шартты түрде «Батыс түркі билері», екіншісін «Шығыс түркі билері» деп атай аламыз. Бұл екі топтың ортасында оларды біріктіруші есебінде Орта Азиядағы қауымдар: түрікмен, Хорезм өзбектері және қарақалпақ билері бар. Яғни бұл қауымдардың би мәнері, би киімдері және музыкасы екі топта да ұқсастық тапқандықтан, бүтін түркі қауымдары сауық өнері бір-бірлерімен тығыз байланысты деуге болады.

Түркі қауымдарында  бидің бірқатар түрлері бар. Анадолы және Орталық Шығыста «Халай», Әзербайжанда «Йаллы», өзбектерде «Лезги», қазақ пен қырғызда «Қара жорға», Қырым түркілерінде «Қайтарма» және тағы басқалар сияқты. Халай  мен Йалли, Лезги мен Қайтарма бір-бірлеріне жақындық көрсетеді. Батыс Анадолыдағы «Зәйбек биінің» бірқатар жері Орта Азия мен Сібір билеріне ұқсайды.

Түркі қауымдарының билері үшін үлгі ретінде Әзербайжанда кең жайылған «Йаллы» халық биіне тоқталамыз.

Әзербайжан халық өнерінде кең жайылған, мифологиялық түп негізі бар бұл би аса тартымды. Бұл бидің түпкі көріністері мен сұлбасы Кобустан жартасы суретерінде  біздің заманымыздан бұрынғы кезеңдерде пайда болған. Ол қол ұстаса және сызық бойында топтасып билеген қалың көпшілік түрінде бейнеленген. Онда ежелгі бишілер аңшылық ғұрыптық жораны орындап, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ғарыштың мәңгі айналымын бейнелеген мистикалық шеңбер бойымен қимыл жасағаны суреттелген. Бұл би, бір жағынан, Солтүстік Кавказ түркілерінің, екінші жағынан, Анадолы және Орталық Шығыс түркілерінің билеріне ұқсас әрі қазіргі заманда түрлене түскен сахналық өнер.

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы