Мазмұны

Құрметті оқырман!

 Сіздерге «Алтаистика және түркология» басылымының кезекті санын ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз.

Журналымыздың бұл санында негізінен Халықаралық Түркі академиясының ғылыми жобалары бойынша іргелі ізденіс, зерделі зерттеулер жолында жүрген ғалымдар мен танымал түркологтардың мақалалары жарық көруде.

Атап айтқанда, тіл білімі айдарында Оңтүстік Сібірдегі түркі тілдерінің дыбысталу жүйесі, татар терминологиясының даму кезеңдері жан-жақты зерделенген.

Ал фольклортану және әдебиеттану саласы бойынша түркі әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері мен қарақалпақ әпсаналарының жіктелуіне қатысты тың пікірлер ортаға салынған.

Тарих және этнография айдарында берілген түркі қағанаты дәуіріндегі мөрдің маңызы және Абылай ханның 1760 жылы Қытайдан иеленіп отырған жерлерді мақұлдауды талап еткен хаты туралы тағылымды мақалалардың көзі қарақты оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Сонымен қатар, Орталық Азия түркілерінің дін ұстануындағы ерекшеліктер жайлы ғылыми пайымдармен де журналдың осы санынан таныса аласыздар.

Күні бүгінге дейін жеткілікті зерттелмей келе жатқан ашуг әуендері жайлы мақала әсіресе, жас ғалымдардың түрен түспеген тың тақырыптарға ден қоюына септігін тигізеді деп сенеміз. Сонымен бірге, З.Самашевтің «Көне түркі графикасы» атты еңбегіне жазылған пікір де оқырманға ой салуы анық.

Мерейтой бөлімінде түрікмен ғылымының көшбасында тұрған академик Баймұхамед Каррыевтың туғанына 100 жыл толуына орай жазылған мақала ұсынып отырмыз. Мақалада ғалымның әке жолын ұстанған қызы Амангүл Баймұхамедқызы естеліктерімен бөліседі. Назар аударар осыған ұқсас тағы бір мақала – Любовь Кара-оол мен Анна Дыбоның белгілі көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеуші Игорь Валентинович Кормушин туралы толғанысы. Бүгінде 75 жасқа толып отырған Ресей туркологтар комитетінің төрағасы, профессор И.В. Кормушин түркология саласында жемісті еңбек етіп келеді.

Баршаңызды салалық журналымыздың мазмұнын ашып, маңызын арттыра түсуге ат салысуға шақырамыз.

Құрметпен, Дархан Қыдырәлі

Бас редактор



Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук