Мазмұны

Бас редактордың алғысөзі

Қадірлі оқырман!

“GLOBAL-Turk” басылымы екінші жылын тәмамдап жатыр. Түркі тілдес елдер мен Еуразия кеңістігінің ғылыми интеграциясына әрі қарай да үлес қоса беретінімізге нық сеніммен қарай отырып, назарларыңызға халықаралық ғылыми журналымыздың 2015 жылғы соңғы нөмірлерін ұсынамыз.

Биыл Түркі академиясы, өзінің Түркі әлемі және Еуразия елдерінің ғылыми қауымдастықтары арасындағы дәнекер рөлін атқарып, бірқатар табыстарға қол жеткізді.

Түркі академиясының ұйытқы болуымен Түркі дүниесі Ұлттық ғылым академиялары одағы құрылып, ортақ ғылыми кеңістік қалыптастыру жолында нақты қадам жасалды.

Академия әзірлеген «Ортақ түркі тарихы» оқулығы Астанада өткен Түркі кеңесінің V саммиті қарсаңында төрт туыстас елдің Білім министрліктері тарапынан бекітілгендігін өз алдына зор жетістік ретінде мақтанышпен айта аламыз.

Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Түркі академиясының жұмысына жоғары баға беріп, оның «қысқа уақыт ішінде тиімділігі жоғары құрылымға айналғанын» атап көрсетті.

Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Татарстан, Башқұртстан, Мажарстанда өткен маңызды ғылыми іс-шараларға қатысып, туыстас елдер мен аумақтардағы әріптестерімізбен байланысты әрі қарай нығайттық.

Жақында ғана күллі Ислам әлемі деңгейінде мәдени мұраны сақтап насихаттау бағытында аса маңызды қызмет атқарушы ISESCO ұйымына бақылаушы мәртебесінде қосылып, халықаралық ұйым ретінде белсенді түрде әрекет ету жолында алға қарай ірі қадам жасадық.

Біздің журналымыздың осы біріккен 3-4 санына кірген мақалалар түркі елдеріндегі гуманитарлық ғылымдардың дамуы, бауырлас елдердің дүниеге есігін айқара ашып, экономикалық байланыстарын кеңейтуі, ұлттық тарихнамамыз жағынан үлкен мәнге ие болып отырған тарихи тақырыптар мен тарихнамалық тұжырымдамалар сынды өзекті мәселелерге арналған.

Сіздердің ғылыми мақала, пікірлеріңіз, жұмысымызға қатысты өзекті ұсыныстарыңызды күтеміз.

(Жүктеу III - IV саны *.pdf)

Құрметпен,

Дархан Қыдырәлі,

Түркі академиясы Халықаралық ұйымының президенті,

“GLOBAL-Turk” журналының

бас редакторы



Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.