Мазмұны

Кейінгі жылдарда жаңа ғылым саласы ретінде кеңінен таныла бастаған ДНҚ-генеалогиялық зерттеулер түрк халықтарының түптөркіні тым тереңде жатқанын анықтады. Ол этностарға тән гаплотоптардың бұдан 40-12 мың жылдай шамасы бұрын Азиядан Америка құрлығына дүркін-дүркін өткен үндіс қауымдары зәузаттарымен сәйкес шыққаны, бағзы түрктердің де түпкі тарихын сол жұрттармен қатар қарастыруға мүмкіндік әпереді. Автор Орталық Азия халықтарының ежелгі гаплотоптарының тармақталу бағыттарын нақтылаған генеалогиялық зерттеулер нәтижелерін, осы аумақтағы археологиялық түзілімдермен салғастыра сараптау арқылы, ол байырғы мәдени дәстүрлерді жасаушылардың, негізінен, арғытүрк сипатты жұрттар болғанын дәйектейді. Монографияда түрк гаплотопты жұрттардың тас дәуірлеріндегі климаттық жағдаяттарға байланысты әр тарапқа таралулары мен олардың кейінгі ұрпақтарының энеолит заманындағы Көнешұңқыр, Ботай секілді түздік мәдениеттер аясында кешкен тіршілік сапырылыстарындағы көптеген этнотектік нышандардың өзара сабақтас екендігіне мән беріледі. Ол ортақ сипаттардың қола ғасырларда жалпыорталықазиялық беғазы-дәндібай мәдениетіне, Алтай, Ордос, Шығыс және Батыс Түркістан аумақтарындағы соған ұқсас далалық дәстүрлерге құнарланып ұласқаны пайымдалады. Кейінгі сақ, хұн замандары тайпалары көбінің Ұлы Дала кеңістігінде талай ғасыр бойы қатар өмір сүріп келе жатқан арғытүрк сипатты жұрттар екендігі археологиялық, генетикалық, этнографиялық, этимологиялық аспектілер арқылы пысықталады. 

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы