Жаңалықтар

Түркі академиясы 2018 жылды «Мағжан жылы» деп жариялады

3406

Бұл туралы бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымыны (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.


Қазақтың көрнекті ақыны, Түркі әлемінің тегеурінді тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 125 жыл толады. Академия осыған орай Түркістан идеясын ту еткен ақынның шығармаларын шет тілдерге аударып, басып шығаруды қолға алыпты. Атап айтқанда, Академияның ғылыми жобасы аясында классик ақынның шығармаларын өзбек тіліне белгілі ақын Музафар Ахмад, моңғол тіліне ақын-аудармашы Жүкел Хамай, алтай тіліне шығыстанушы ғалым, ақын Бронтай Бедюров, әзербайжан тіліне Фузули Маджидли аудара бастады. Бұдан бөлек, Мағжанның жырларын қырғыз, мажар тілдеріне аудару жоспарланған. Айта кетерлігі, былтыр Академия Махамбеттің шығармаларын моңғол тіліне аударып, басып шыққан болатын.

Сонымен қатар, брифингте TWESCO-ның Түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен бірлесіп жыл бойына ақынның өмірі мен әдеби мұрасына арналған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғаны жөнінде айтылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы