Жаңалықтар

9 қараша - Әзербайжанның Мемлекеттік туы күні!

142

9 қараша - Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туы күні! Осы айтулы күнге орай Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау жолдады.

Өзінің facebook-тағы парақшасында TWESCO басшысы «Бауырлас әзербайжан халқын азаттықтың белгісі болған Мемлекеттік туы күнімен құттықтап, үш түсті, ай-жұлдызды байрақтың үнемі тәуелсіз Әзербайжан жерінде желбіреп тұрарына сенетінімді білдіргім келеді»,-деп жазды.

Естеріңізге салар болсақ, Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев 2009 жылдың 17 қарашасында жыл сайын 9 қарашаны Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туы күні ретінде белгілеу туралы өкімге қол қойған болатын. Содан бері 9 қараша Әзербайжанда ресми мереке ретінде атап өтіледі.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук