Жаңалықтар

Айтматов туралы кітап таныстырылды

50

Қырғызстанның Ош қаласында өтіп жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумында Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) қолдауымен жарық көрген «Айтматов. Империяның соңғы жазушысы» атты кітаптың таныстырылымы өтті.


         Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай әзірленген кітаптың авторы - Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, әдебиет сыншысы Османкун Ибраимов. Кітап Шыңғыс Төреқұлұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Автор Шыңғыс Айтматов тұлғасын, жеке атғдыры мен әдеби   шығармашылығын,   саяси көзқарастары мен әлеуметтік пайымдарын   ХХ ғасырмен тығыз байланыстыра суреттеген. Әдетте мұндай тұлғаларды «дәуір- адам» деп те бағалап жатады. Сондықтан, кітап авторы Айтматов шығармашылығын сипаттай келе жазушының Кеңес Одағы кезіндегі қоғамды, оның құндылықтары мен бірқатар ерекшеліктерін, сол дәуірдегі адам тағдырын суреттеген шеберлігіне назар аударған.

         TWESCO-ның қолдауымен жарық көрген кітаптың тұсаукесері биыл көктемде Астана қаласында өткен «Айтматов тағылымы» атты бірінші қазақ-қырғыз зиялылары форумында ұйымдастырылған болатын. Кейін Бішкек қаласында аталған кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылған еді. Ал, қазақ-қырғыз зиялылары ІІ форумында кітапты Ош университетінде таныстырумен қатар, оны аталған оқу орнының кітапханасына табыс ету рәсімі де өтті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы