Жаңалықтар

«Еуразия жазушылар одағының» төрағасы TWESCO-ға келді

938

Астанада өтіп жатқан «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумға келген түркиялық жазушы, «Еуразия жазушылар одағының» төрағасы Якуб Өмероғлу TWESCO-да болып, академия президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті.


Академия басшысы мәртебелі мейманға ұйымның атқарған жұмысы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады. Ұйым президенті өз сөзінде түркі интеграциясын тереңдетуде ғылыми-гуманитарлық бағыттармен қатар әдеби-мәдени байланыстардың да маңызды екендігіне тоқталды. TWESCO басшысы өз сөзінде «Еуразия жазушылар одағының» түркі дүниесі жазушыларының басын қосып, өзара таныстырып, табыстыруда зор рөл атқарып отырғанын атап өтті. Өз кезегінде Якуб Өмероғлу түрік қаламгерлері мен қазақ жазушылары арасындағы әдеби-мәдени байланыстар мен рухани қарым-қатынастар туралы кеңінен әңгімеледі.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы