Жаңалықтар

«Ұлы Дала» IV Гуманитарлық ғылымдар форумы өтеді

1395

2019 жылдың маусым айының 24 күні Халықаралық Түркі академиясы дәстүрлі «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумын   өткізеді. «Ұлы Дала» IV Гуманитарлық ғылымдар форумының тақырыбы­— «Түркі өркениеті:түп тамырынан қазіргі заманға дейін».

Көрнекті ғалымдар мен зерттеушілер, түркологтар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын форумда қазіргі түркология ғылымының өзекті мәселелері, атап айтқанда бірыңғай әдістемелер жасау, Түркі өркениетінің жаһандық мәдениетке қосқан үлесін бағалау тәрізді тақырыптар талқыға түседі.

Форум жұмысы «Түрк әлемінің генезисі – Ұлы дала тарихындағы жаңа дәуір», «Ұлы дала өркениеті және әлемдік мәдениетке қосқан үлесі», «Қазіргі түркітану: жаңа көзқарастар мен тәсілдер», «Еуразиядағы интеграциялық үрдістер: кеңістік пен уақыттың көкжиектері» деп аталатын төрт бағытта өрбиді.

Форумға қатысуға ниет білдірген зерттеушілерге арналған Ақпараттық хатты сілтеме арқылы  жүктеп алуға  болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты