Жаңалықтар

Түркістанда TWESCO-ның ғылыми орталығы ашылады

260

Түркістан қаласында өткен «Киелі Түркістан және Түркі әлемінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция барысында қалада TWESCO-ның ғылыми орталығы ашытатыны белгілі болды. Бұл туралы жиында Академия президенті Дархан Қыдырәлі айтты. Сонымен қатар, Академия мен Түркістан облысы әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


«Киелі Түркістан және Түркі әлемінің рухани жаңғыруы» деп аталатын халықаралық конференция   Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Түркі кеңесі VI саммитінде айтылған «Түркі дүниесінің киелі жерлері» және «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары»   жобаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия ғалымдары мен АҚШ, Үндістан, Ресей, Өзбекстан қатарлы елдерден келген зерттеушілер, дипломаттар қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында сөйлеген академия басшысы: «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақ елінде ғана емес, Түркі дүние­сінде де зор серпін тудыр­ғаны анық. Сондықтан биылғы саммитте Елбасы тарихи маңызы зор бағдарламаны түркі әлемінде насихаттауды Түркі академиясына тапсырған болатын. Сонымен бірге биыл жауһар жырларына Түркістанды арқау еткен ақын Мағжан Жұмабаевтың туға­нына – 125 жыл, Түркі әле­міне ортақ заңғар жазушымыз Шыңғыс Айтматовқа – 90 жыл, түркі жазуының алғаш рет табылып, оқылғанына 125 жыл толып отыр. Осы айтулы ша­раның барлығын жыл басында ЮНЕСКО-да және Париж қаласында атап өткен бола­тынбыз. Міне, жылдың жа­бы­­луын Түркістанда атап өтуі­міз­дің символикалық мәні зор. Себебі Түркістан – түркі әле­мінің темірқазығы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей назарындағы шаһар», деді. Соған сәйкес қалада Академияның ғылыми орталығы ашылмақ.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы