Жаңалықтар

TWESCO басшысының қызметі екінші мерізімге ұзартылды

1485

Шолпан-Атада өткен Түркі кеңесінің VI саммитінде мемлекет басшылары Халықаралық Түркі академиясының қызметі мен атқарған ауқымды істеріне ризашылық білдірді. Сонымен қатар, Академия президенті Дархан Қыдырәлінің қызметін екінші мерізімге ұзартты.


Саммитке қатысушылар TWESCO атқарған жұмыстарға, атап айтқанда ұйымның ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне, жүргізген арxеологиялық қазба жұмыстарына, әзірлеген «Ортақ түркі тариxы» оқулығы, «Аталар мирасы», «Түркбарометр» сынды жобаларына, БҰҰ, ЮНЕСКО-да ұйымдастырған іргелі шараларына, өткізген xалықаралық форумдарына, шығарған 90-нан астам ғылыми еңбектері мен кітаптарына ризашылық білдірді

Саммиттің қорытындысы бойынша қабылданған декларацияда академия жұмысына жоғары баға берілді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы