Жаңалықтар

Аға лауазымды тұлғалар комитетінің жиналысы өтуде

335

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі кеңесі аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті жиыны өтіп жатыр. Жиын алдағы қыркүйек айында өтетін Түркі кеңесінің VI саммиті қарасаңында ұйымдастырылды.


Аға лауазымды тұлғалар комитетінің бұл жиыны биылғы тамыз айындағы екінші басқосу. Алғашқы   жиналыс тамыздың 3-4 күндері Бішкекте өткен болатын. Жиын барысында Түркі кеңесінің    Бішкекте өтетін саммитіне даярлық мәселесі талқыланып, Саммит кезінде қол қойылуы тиіс бірқатар құжаттар қаралған болатын. Осы жолғы жиналыс түркітілдес мемлекеттер басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуіне даярлықты соңғы мәрте пысықтауға арналып отыр. Атап айтқанда, 2 қыркүйекте өтетін Түркі кеңесі сыртқы істер министрлерінің отырысына, 3 қыркүйекке жоспарланған Түркі кеңесі мемлекет басшыларының VI саммитіне дайындық мәселелері пысықталды

Түркі кеңесі аға лауазымды тұлғалар комитетінің 21 ші жиналысына Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) және "Мирас" түркі мәдениеті мен мұрасының  қоры өкілдері   қатысуда. Комиттет отырысы 30 тамызға дейін   жалғасады.






Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы