Жаңалықтар

Академия ғалымдары марапатталды

152

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстанда атап өтілетін Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында академия ғалымдарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы төсбелгілерін тапсырды.


Министр Ерлан Сағадиевтің бұйрығымен Академия ғалымдары Қадырәлі Қонқабаев, Нәпіл Бәзілхан және Әсемдария Абаева «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға үлес қосқаны үшін» арнайы төсбелгісімен марапатталған. Марапатты тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген Академия басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымда қызмет істеп жүрген ғалымдардың отандық ғылымның дамуына айырықша үлес қосқанын атап өтті. Академия ғалымы Қадірәлі Қоңқабаев түркология саласына, түркі интегарциясына зор еңбек сіңірген. Ол өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары түркі тілдері сөздігін, түркі тілдерінің ортақ әліпбиін даярлау жұмыстарына белсене қатысқан ғалым. Нәпіл Бәзілхан көптеген археологиялық қазба жұмыстарын басқарып, түркі тарихы үшін сенсациялық жаңалықтарымен белгілі болған Моңғолиядағы «Шивээт улаан» ғұрыптық кешеніндегі қазба жұмыстарын аяқтады. Ал, Әсемдария Абаева Түркі кеңесіне мүше елдердің мектептерінде оқытылуы жоспарланған «Ортақ түркі географиясы» оқулығын даярлауға атысалысты. Аталған оқулық Түркі кеңесіне мүше елдердің тиісті құрылымдарының талқылауына ұсынылған болатын.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук