Жаңалықтар

Академия басшысы Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

356

         Бүгін Түркия Республикасының негізін қалаушы, түрік халқының ұлт көсемі Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден озғанына 80 жыл толды. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі   Астана қаласындағы Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

         Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен бірге Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қойған Академия басшысы қайраткер рухына тағзым етті.


         Естеріңізге салар болсақ, Түркия Республикасының құрушысы, 1919-1922 жылдардағы Түркияның азаттық күресінің қолбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Түркияның тұңғыш президенті еді. Ататүрік 1938 жылы 10 қарашада өмірден озған.

         Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш Астанада 2009 жылдың 8 қазанында ашылып, салтанатты шарада сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:«Ол дүниежүзін мойындатқан XX ғасырдың адамы деп есептеледі. Мұстафа Кемал Ататүрік аумалы төкпелі заманда түрік мемлекетін бөлшектеу қаупінен сақтап, елін біріктіре біліп, аз уақыттың ішінде Түркияны тығырықтан алып шығу үшін көп еңбек сіңірді. Ол азаматтық қоғам құндылықтарының қалыптасуы мен жаңа әліпбидің енгізілуі сияқты әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп, Түркияны өркениетті елдердің қатарына қосты және оның өміршең идеялары бүгінге дейін жалғасын тауып келеді»,-деген болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы