Жаңалықтар

Академия басшысы халықаралық конференцияға қатысы

280

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Алматы қаласында «ХХІ ғасырдың ғылыми-ағартушылық парадигмалары: рухани құндылықтар аясындағы тіл және мәдениет» атты халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен конференция лингвист ғалым, әдебиеттанушы Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығына арналды.

TWECSO басшысы жиында сөйлеген сөзінде Шамғали Харесұлының жәдидшілдік-жаңашылдық мектебінен өрбіген ағартушылық қызметі мен Сарыбай әулетінің ұлтқа сіңірген еңбегіне тоқталды. Атап айтқанда, Шамғали Харесұлының өзі ғана емес, балалары Шора және Болат Сарыбаевтардың да қазақ халқының мәдениеті мен ғылымына айырықша еңбек сіңіргені анық.

Конференцияға қатысушылар Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілі әдіснамасын жасаудағы еңбегіне, ұлттың ағартушы тұлғаларының   педагогикалық, линвистикалық мұраларын зерттеу, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мәселесіне көңіл аударды.

Конференцияны   Халықаралық Түркі академиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесе ұйымдастырды.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы