Жаңалықтар

Академия басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

219

Халықаралық Түркі акдемиясының (ТWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасындағы Моңғолияның төтенше және өкілетті елшісі Лувсан Баттулгамен кездесті. Кездесу барысында елші Академияның Моңғолияда жүргізген зерттеулері мен археологиялық қазба жұмыстары сәтті болып, түркі дәуіріне қатысты көне жәдігерлер табылғанына жоғары баға берді.


Моңғолия елшісі өз сөзінде ТWESCO-ның «Шивээт улаан» кешеніне 3 жыл бойы сәтті зерттеу жасағанын, аталған кешеннен табылған Мәңгі тастың ғылыми көшірмесінің Түркі музейіне қойылғанын, Хэрлэн экспедициясында табылған тас мүсіндердің көшпелі өркениетті алға жылжытқан батыр бабалардан қалған асыл мұра екеніе тоқталды. Сонымен бірге, академия жанынан «Алтайтану, Түркітану, Моңғолтану ассоцациясының» (АТАМ) тұрақты хатшылығы құрылып, моңғолтануға байланысты еңбектер сериясы жарық көре бастағанына айырықша назар аударып, алғысын білдірді.

Кездесуде Елші алдағы қараша айында Моңғолия Сыртқы істер министрі Д.Цогбаатар ресми сапармен Қазақстанға келетінін айтты. Осы сапар барысында министрдің Академияда арнайы кездесу өткізуі жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде ТWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі Моңғолия елшісі Лувсан Баттулгаға Академияның ғылыми-мәдени байланыстарына қолдау көрсеткені үшін риясыз алғыс білдіріп, алдағы уақытта мұндай бағыттағы жұмыстардың ауқымы кеңейе түсетінін, бұл бір тамырдан өрбіген ағайын жұрттың ортақ тарихын зерделеуге үлес қосатынын атап өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Моңғолия елшігінің бірінші хатшысы Ч.Амарболд та қатысты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты