Жаңалықтар

Академия басшысы PİAC жиынына қатысты

342

Тамыз айының 27 күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 61 ші PİAC - Халықаралық тұрақты алтаистика конференциясы басталды. 31 тамызға дейін жалғастын конференцияның ашылу салтанатына TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі қатысып, сөз сөйледі.


Бішкектегі Ала-Арча   мемлекеттік резиденциясында басталған Халықаралық тұрақты алтаистика конференциясына қатысып, сөз сөйлеген Қырғызстан Президенті Сооронбай.Жээнбеков алтаистика саласындағы зерттеулердің маңыздылығына тоқтала келе: «Алтай өркениетінің бай мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын, көне тарихын зерттеу халықтар арасындағы достықты, мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Ортақ тарихи және мәдени мұраларымызға иек арта отырып біз оларды Алтай халықтарының дамуына қажет жаңа ресурстарға айналдыра білуіміз қажет»,-деді.


Жиында сөз сөйлеген TWESCO президенті Д. Қыдырәлі Акаедмияның алтаистика бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтты. Академия басшысы өз сөзінде алтаистика ғылымы тек лингивистикалық бағытта ғана емес, фольклористика, археология салалары арқылы дами түсетіндігін атап өтті. Бұл бағыттарда Түркі академиясының қол жеткізген табыстары аз емес. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Алтайдан ғалымдар атақты Ергенеқон қонысы ретінде бағалаған ІІ-VI ғасырларға жататын адамдар қонысы табылған болатын. Қоныста адамдардың кемі 400 жыл бойы мекен еткені анықталған еді. Сонымен қатар, Моңғолиядағы «Шивээт улаан» кешенінен Елтеріс Құтлық қаған заманындағы 60 түркі тайпасының таңбалары қашалған Мәңгі тас табылған. Аталған жәдігерлер алтаистика үшін де маңызды. Фольклор мен археологиялық жәдігерлер Алтайдан тараған халықтардың өзара байланысының рухани, материалдық қырына үңілуге мүмкіндік береді.

Академия   бүгінде «Алтаистика. Түркология.Монголистика» деген ғылыми журналды жарыққа шығарып келеді.

61 ші PİAC - Халықаралық тұрақты алтаистика конференциясын ұйымдастырушылар қатарында TWESCO да бар.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук