Жаңалықтар

Академия басшысы ҚР Сыртқы істер министрінің брифингіне қатысты

689

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың арнайы брифингіне қатысты. Шара Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларына арналды.

Ведомство басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің басты міндеті ретінде ел азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды белгілегенін атап өтті. «Сыртқы істер министрлігінің басты міндеті - саяси және дипломатиялық жолмен елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету», - деді кездесуді Б.Атамқұлов.

Сыртқы істер министрі Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын атай келе, 2019 жылы да аталған бағыттардағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Соның ішінде, Түркітілдес елдер ынтымақтастығы кеңесі аясында жоғары деңгейдегі іс-шараларды дайындау мәселелері де бар. Министр биыл сонымен бірге Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Астанада Түркітанушылардың дүниежүзілік тұңғыш конгресін өткізу жоспарланғанын да айтты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы