Жаңалықтар

Академия басшысы Қырғызстан елшісімен кездесті

256

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінде болып, Төтенше және өкілетті елші Жээнбек Кулубаевпен кездесті.


Қазақстандағы елшілік қызметіне жаңадан кіріскен Жээнбек Кулубаевпен арнайы амандасып, танысу мақсатында жасаған визиті барысында Академия басшысы ұйымның атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттары туралы айтып берді.

Кездесуде тараптар түркі өркениетінің мәдени-рухани құндылықтарының адамзат дамуындағы рөлі жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, кездесуде   түркі әлемінің көрнекті тұлғалары - Мағжан Жұмабаевтың 125, Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойларын атап өту тәрізді шаралар бауырлас елдердің арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетіні де айтылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы