Жаңалықтар

Түркі академиясында профессор Гасановтың кітабы таныстырылды

427

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымында (TWESCO) Әзербайжан Республикасы президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі, профессор Али Гасановтың қазақ тіліне аударылған «Каспий-Қара теңіз бассейні және Оңтүстік Кавказдың геоэкономикасы: Әзербайжанның энергетикалық саясаты» кітабының таныстырылымы өтті.


Академия басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізген салтанатты шараға Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов, Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің (Милли Межлис) депутаты Эльман Насиров, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов және Қазақстандағы Әзербайжан этномәдени орталығының төрағасы Әбілфас Хамедов қатысты. Сонымен бірге, жиында зиялы қауым өкілдері, көрнекті ғалымдар мен Әзербайжаннан және Түркиядан келген танымал журналистер болды.


Оқырман назарына ұсынылған кітапта әлемнің жетекші елдерінің геоэкономикалық мүдделері тұрғысынан Каспий-Қара теңіз бассейні мен Оңтүстік Кавказда жүргізіліп отырған геосаясат, Әзербайжан Республикасының қазіргі және болашақтағы экономикалық даму мәселелері қарастырылып, ұлттық мүдделерді қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясат негіздері ашып көрсетіледі. Кітаптың алғысөзін Академия басшысы Дархан Қыдырәлі жазған.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук