Жаңалықтар

Академия «Түркі барометрін» таныстырды

785

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында өткен «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих. Таным. Тұлға» конференциясы аясында «Түркі барометрі» жобасы мен оның алғашқы зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Алқалы жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркиядан арнайы келген зиялы қауым өкілдері және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус жетекшілері қатысты.

Жиналған көпшілік алдында сөз алған Академия басшысы Дархан Қыдырәлі «Түркі барометрін» жасаудағы негізгі мақсат пен келешек жоспарлар туралы баяндап берді.

 

Түркі барометрі сипаты жағынан Еуропа одағының «Еуробарометр» зерттеу бағдарламасы мен әлемнің өзге де аймақтарында жүргізілетін («Афробарометр», «Латынбарометр» және т.б.) зерттеулерге ұқсас жоба.

2004 жылдан бері посткеңестік кеңістікте еуразиялық мониторинг жүргізілетіні мәлім. Ал, Еуразиялық даму банкі (EABR) 2012 жылдан бастап ТМД елдері аумағында «Интеграциялық барометр» жүргізіп келеді.

Зерттеу жобасының негізгі мақсаты: түркі мемлекеттері тұрғындарының Түркі кеңесі тарапынан жүргізілетін интеграциялық процестерге қатысты әлеуметтік көңіл-күйлерін (реакцияларын), экономикалық, мәдени аспектілерге байланысты ой-пікірлерін зерттеп білу. Тарқатып айтқанда, түркі мемлекеттерінің негізгі әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштерін екшеу және халықтар арасындағы ынтымақтастық үшін оңтайлы тұстарды бағамдау.


Алғашқы әлеуметтік зерттеу Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия мен Түрікменстан астаналарының тұрғындары арасында жүргізілген.

Академия тапсырысымен «Қоғамдық пікір» ғылыми зерттеу институты жүргізген бұл жобаны қатысушыларға аталған институттың жетекшісі, ғылыми кеңесші Ботагөз Ракишева таныстырды. 


Оның айтуынша, «Түркі барометрі» келешекте Түркі әлеміндегі мемлекетаралық (кросс-мәдени) әлеуметтік зерттеулердің тұрақты жүйесіне айналады деп күтіледі.

Зерттеу барысында жоғарыда аталған мемлекеттердің әр бірінен 500 респондент таңдалып, олар 50-ден астам сұраққа жауап берді. Олардың ішінде: Түркі мемлекеттерінің мәдениетімен қаншалықты таныссыз?; Түркі әлемінің ғылым, мәдениет, өнер, спорт салаларындағы ең танымал өкілдерін атаңыз?; Түркі әлеміндегі беделді тұлға кім деп ойлайсыз?; Түркі әлеміндегі жаңалықтарды қай көздерден аласыз? секілді сауалдар бар.


Айта кету керек, «Түркі барометрі» тәуелсіз түркі мемлекеттерінде жүйелі жүрде (әр алты ай сайын немесе жылына бір рет) сауалнама арқылы жасалып тұрады. Зерттеуге жасы 18-ге толған азаматтар қатыса алады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.